Дезинфекциялауға әскерилер де қатысуда

466

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усаин қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмыстары туралы айтып берді.

Облыс бойынша төтенше жағдай енгізілген мерзімнен бастап қала, аудан әкімдіктерінің ұйымдастыруымен ауданы 12 млн 234 мың шаршы метр аумақ залалсыздандырылды. Бұл жұмыстар көшелер, аялдама, теміржол, автовокзал парктер, скверлер мен базар аумақтарында жүргізілді. Облыстық аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілері арнайы жиынға шақырылып, сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінен қызметкерлер тартылып, 140 адам жұмылдырылды.  Қорғаныш киіммен, препараттармен жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етті.

«COVID-19» індетінің өршуіне орай облыс аумағында тиісті жұмыстар әлі де жалғасын табуда. Оған қала, аудан әкімдіктері тарапынан қаржы бөлінуде. Халық көп шоғырланған орындардағы залалсыздандыру жұмыстарына әскерилер тартылған. 13 шілдеден бас­тап облыс аумағындағы ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің жеке құрамынан 30 адам осы бағыттағы жұмысқа жұмылды.

Әскери қызметкерлер бекітілген кестеге сай күнделікті 10 тонна ертіндімен 50 мың шаршы метрге дезинфекциялау жұмысын жүргізуде. Бүгінде демалыс паркі, теміржол, автовокзал мен ескі базар аумағы мен 13 көше залалсыздандырылды. Бұл жұмыстар шілде айының соңына дейін 133 көшеге жүргізіледі.

Қала әкімдігі тиісті қаржы бөлді. Қаржыға  ауру шыққан ошақтар  дезинфекцияланады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<