Конституцияның 25 жылдығына орай

936

0

Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков мерекелік жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады.

Шара барысында аудан басшысы Мұса Оспанұлы демократиялық құндылықтарды бекітіп, құқықтық тұғырымызды берік орнықтырып берген Ата Заңымызды әрқашан да қастерлеу, құрметтеу, оны насихаттау басты парызымыз – деп атап айтып өтті.

Жиында ауданымыздың дамуына үлкен үлес қосып, Ата Заңымыздың орнығуына, ел тұрақтылығын сақтауға зор үлес қосып жүрген қоғам қайраткерлері, ел белсенділері мен мемлекеттік қызметкерлер ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалған «Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды.
Сонымен бірге шарада ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген сала үздіктеріне аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<