Мал шаруашылығына мемлекет қолдауы толастамайды

788

0

Облыстың жер қоры 24041,4 мың гектарды құрайды. Осыдан
12162,7 мың гектары ауылшаруашылық жері болса, оның  ішінде 174,4 мың гектары егістік, 108,3 мың гектары шабындық, 11803,6 мың гектары жайылымдық жер.

Аймақта агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі басым бағыт – бұл күріш өндірісі, мал және балық шаруашылықтарына бағытталған.

Қазіргі таңда мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдаудың және инвестициялық жобаларды жеңілдетілген несиелендірудің  арқасында салада тұрақты өсу динамикасы қалыптасып, мал басы мен өндірілген өнім көлемі жыл сайын артып келеді.

Айта кету қажет, ағымдағы жылдың 7 айлығында өңірде статистикалық мәлімет бойынша 359,0 мың бас мүйізді ірі қара, 786,2 мың бас қой мен ешкі, 157,5 мың бас жылқы, 53,2 мың бас түйе, 2,1 мың бас шошқа, 125,5 мың бас құс тіркелген.

Мал басын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,4%-ға, қой мен ешкі 3,4%-ға, жылқы 8,7%-ға, түйе 5,4%-ға, құс                  4,1%-ға артып отыр.

Сонымен қатар, облыста мал шаруашылығы өнімін өндіруде де өсім байқалады. Атап айтсақ, есепті кезеңде 16,8 мың тонна ет (тірі салмақта), 40,2 мың тонна сүт өндіріліп,  өсім тиісінше ет 3,4%,сүт 2,3%-ғаартты.

Қазіргі таңда облыс бойынша 3500 шаруашылық құрылымдары мал шаруашылығымен айналысуда.

Соның ішінде МІҚ малын өсіретін 1600, қой малын өсіретін 1400, түйе малын өсіретін 150, жылқы малын өсіретін 350 шаруа қожалықтар жұмыс жасауда.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде және мемлекеттің тұрақты қолдауының арқасында  соңғы бес жылда шаруа қожалықтардағы өсірілетін төрт түлік малдың үлесі МІҚ малы 6,5%, уақ мал 13,2%, жылқы малы 3,7%, түйе малы 3,0%-ға  артты.

Мал шаруашылығын субсидиялау өңірдегі асыл тұқымды малдардың басының көбейіп, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің артуына өз ықпалын тигізуде.

Атап айтсақ, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға 2020 жылға облыстық бюджеттен 2 432,1 млн. теңгеқаржы бөлінді.

Осыдан үстіміздегі жылдың 7 айында 1606,3 млн. теңге субсидия қаржысы 700 шаруа қожалықтарына төленіп, қаржының игерілуі 66,0 %-ды құрады.

2018 жылы ҚР АШМ тарапынан «Етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданып, «Сыбаға» бағдарламасы аясында тауарөндірушілерге жеңілдетілген (6%), ұзақ мерзімге несиелендіру жолдары қарастырылған.

         Бұл өз кезегінде мал шаруашылығы саласын дамытуға жоғары серпін беруде. 

«Сыбаға» бағдарламасының табысты жүзеге асырылуының нәтижесінде 2019 жылы 2249 бас шет елдік асыл тұқымды ет бағытындағы МІҚ және 49733 бас қой сатып алынды.

Бағдарламаға қатысуға 209 шаруашылық құрылымдары тартылды.

Жалпы 2018-2019 жылдардағы қаржыландырудың арқасында мүйізді ірі қара малын өсіретін 15 асыл тұқымды ет және сүт бағытындағы репродуктор шаруашылықтар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, жергілікті сиыр малының гендік әлеуетін арттыру мақсатында ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа салу арқылы 1226 шаруа қожалықтарынан 51,0 мың бас тауарлы сиыр малына асыл тұқымдық жұмыстар жүргізіліп,  тұқымдық түрлендіруге қатыстырылуда.

Бүгінгі күні асыл тұқымды МІҚ малы 8835 басқа, қой малы 78642 басқа, жылқы малы 6882 басқа және түйе малы 3225 басқажетіп, жалпы мал басына шаққандағы асыл тұқымды малдың үлес салмағы тиісінше МІҚ-2,6%, қой-16,7%, жылқы – 4,7%, түйе-6,7%-ды қамтыды.

Қазіргі таңда ет өндірісін арттыру мақсатында облыста сыйымдылығы бір мезгілде 12,0 мың бас МІҚ малын бордақылайтын ірі және орта деңгейдегі 20 бірлік мал бордақылау алаңдары жұмыс жасайды. Аталған бордақылау алаңдарының ішіндегі ірі кәсіпорындардың екеуі 3,0 мың бастық («Сыр маржаны», «Шаған жер» ЖШС-і), біреуі 1,5 мың бастық («Саламат Агро» ЖШС-і) және біреуі 1,0 бастық («Бекарыс Агрофуд» ЖШС).

Сонымен қатар аймақта сүт өндірісін арттыру мақсатында қуаттылығы жылына 10,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіріп және қайта өңдейтін 7 тауарлы сүт фермасы ұйымдастырылды («Рза» АҚ, «Асылхан» ШҚ, «Бақытжан» ШҚ, «Мырзабай» ШҚ, «Мырзалы» ШҚ, «Абай» ШҚ, «Барыс-4» ШҚ).

Бұдан өзге тәулігіне 325 бас МІҚ малын соятын 18 мал сою алаңдары өз қызметтерін халыққа ұсынуда.

Сондай ақ, аймақта ет, сүт өндірумен қатар, құс шаруашылығының да өнімдерін өндіру біртіндеп артып келеді

Құс шаруашылығын дамыту мақсатында соңғы жылдары 2 жұмыртқа бағытындағы «Мөлдір и К» ЖШС, «Сармұрық Құс» АӨК және 1 ет бағытындағы құс фабрикалары «Натишаева»ЖК-гі  іске қосылып тұрғындарға сапалы құс өнімдерін ұсынуда.

Қазіргі таңда облыс тұрғындарын экологиялық таза, сапалы мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 3 ірі жобаны іске асыру бағытында жұмыстар жасалуда.

Бұлар: 

-Қызылорда қаласындағы «Сыр Маржаны» ЖШС базасынан халықаралық стандартқа сай, қуаттылығы жылына 5,0 мың тонна етті терең өңдеп вакумдық қаптамада нарыққа шығаратын ет комбинатының құрылысы;

         – Шиелі ауданындағы «СырАгро и К» ЖШС-нің 1200 бас МІҚ малына арналған, тәулігіне 24,0 тн. сүт өңдейтін зауытпен қамтылған тауарлы сүт фермасының құрылысы;

         – Қармақшы ауданындағы қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін «Қармақшы құс» ЖШС-нің ет бағытындағы құс фабрикасы.

Бұл үш жоба да 2021 жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<