Өңірде діни рәсімдерді өткізуге рұқсат берілді. Яғни жұма намазын қоспағанда , бес уақыт намаз оқуға болады. Ұжымдық ғибадат етуге залдағы адамдар саны 100 адамнан аспауы керек.
-Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 25 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде, діни обьектілерде жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық құлшылық етуге болады. Бүгінде облыс бойынша 178 мешіт бар. Барлығы карантин талаптарын сақтауда. Естеріңізге сала кетейік, мешітке келушілердің бетпердесі болуы шарт. Бұған қоса, мешіт қызметкерлері дене қызуын өлшеп кіргізеді. Жамағаттың парыз, сүннет және жекеленген намаздарын оқу арақашықтығы 2 метрден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, жамағатқа қойылатын талаптар мешіттің кіреберісінде тақтайшада көрсетілген, – деді облыстың бас имамы Болатбек Абуов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<