Қала әкімі мұнай-газ саласының қызметкерлерін құттықтады

1089

0

Құрметті мұнайшылар мен сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отыз жылда мұнай-газ кешені еліміздің әл-ауқатының іргетасы, әлеуметтік саланы дамытудың негізі бола отырып, ұлттық экономиканың қозғаушы күшіне айналды. Өңірдің өндірістік және экономикалық дамуына дем берді.

Бұл салада еңбек ететін әрбір қызметкердің еңбегі құрметке лайықты.

Мерейлі күнде қара алтынды халық игілігіне жарату жолындағы елеулі еңбектері үшін сала ардагерлері мен еңбек майданындағы мұнай өндірушілерге шынайы алғысымды білдіремін.

Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс, кәсіби жетістіктер тілеймін!

Ізгі ниетпен,


Қызылорда қаласының әкімі

Ғ. Қазантаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<