ҚАЗАЛЫ: дамуға демеу жаңа бастамалар

1054

0

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев жергілікті және облыстық БАҚ өкілдерімен кездесті. Онда көпшілік көкейіндегі сан сауалдарға нақты жауап берілді.

Мәселен, журналистер тарапынан қозғалған ауыл тұрғындарын мазалаған  жайылымдық жерлердің ахуалы, Сырдария өзеніндегі су тапшылығы, елді мекендерді газдандыру бағыты, көшелерді жарықтандыру, жол мәселесі, өзге де сұрақтарға аудан әкімі толыққанды жауап қайтарды.

Әуелі шартарапты дүрбе­леңге салған пандемияның жайы сөз болды.

– Осы жылы  көптен бері шешімін таппай келе жатқан Әйтеке би кентіндегі емхана құрылысын қаржы­ландыруға қол жеткізілді. Соның нәтижесінде ауы­сымына 250 келушіге ар­налған емхана құрылысы басталды. Ол үшін  об­лыс­тық бюджеттен 505 млн теңге бөлінді. «Жол кар­тасы» бағдарламасы ая­сында аудандық емхана мен аудандық ауруханаға қа­расты жұқпалы аурулар бө­лімінің ғимаратына, оған қоса, 6 дәрігерлік амбула­то­рия, 7 медициналық пун­кт­­ке ағымдағы жөндеу жұ­мыс­тары жүргізілуде.

Әлемді дүрліктірген жұқ­палы індет біздің жер­лестерімізге де оңай тиген жоқ. Сындарлы сәтте дә­рі­герлер күндіз-түні науқас­тардың жанынан табылды. Аянбай  еңбек етті. Қиын кезде  барлық медициналық көмекті көрсетті. Ауданда пневмония диагнозы бо­йын­ша жалпы 499 адам есеп­ке алынған. Оның 443-і ауруынан жазылып шықты. Біз азаматтардың өмірін жә­не денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді бірік­тірдік. Коронавирус ин­фекцияның алдын алу, емдеу мақсатында жұқпа­лы аурулар бөлімінен 35 про­визорлық, 20 инфек­циялық төсек-орны жасақталған. Эпи­демиологиялық ахуал ке­зінде бұрынғы туберку­лезге қарсы диспансер ғима­ратынан 150 инфекциялық төсек-орын бейімделді. Ау­дандық бюджет есебінен және демеушілік жолмен емдеу мекемелеріне барлы­ғы 32 оттегі концентраторы алынып берілді. Әлі де бол­са, бізге 10 дана ИВЛ ап­па­раты мен қажетті қорға­ныс құралдары жетіспейді. Соған орай, облыстық бюд­жеттен 797,9 мың теңге бөлу жөнінде ұсыныс берілді, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.

Айтуға тиіспіз, пандемия кезінде ел ағалары бастап, қалың көпшілік қоштап, сырқат жандарға қолұшын созғандар аз болған жоқ. Елдің  елдігі сынақта білінді. Мұндай игі істен мекеме ұжымдары,  кәсіпкерлер, қо­ғамдық ұйымдар мен жеке­леген азаматтар да қалыс қалмады.

Кездесуде аудан әкімі әлеу­меттік салалардағы не­гіз­гі басымдықтарды сөз етті. «Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету де күн тәртібінен түскен емес. Аудандағы барлық ауылға таза ауызсу жеткізілген. Дегенмен, 3 ауылда сер­вис­тік желі тартылмаған болатын. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бек­арыстан би ауылында жалпы құны 845,8 мың теңгені құрайтын 17 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде ауылға сервистік ауызсу же­лісін тарту, мектеп ғима­ратына күрделі жөндеу, 7 көшеге орташа жөндеу, 8 көшені жарықтандыру жұ­мыс­тары қаралған. Қараша айы туысымен Жанқожа ба­тыр және Майдакөл ауыл­дарында құрылыс жұ­мыс­тары басталып кетті. Бай­қожа локалды су құбы­рын қайта жаңғырту үшін облыстық бюджеттен 35,8 млн теңге бөлініп, жоба-сме­талық құжаттары әзір­ленуде» деп бір ширатып өтті аудан басшысы.

Жасыратыны жоқ, жоға­рыда айтылған 3 ауылды сервистік желіге қосу көптің көңілін 2013 жылдан бері  күпті еткен мәселе болатын. Содан бері қаншама уақыт өтіп, бірнеше әкім қыз­метін жаңартты. Тіпті, дайын­дал­ған жоба-сметалық құжат­тары мерзімі өтуіне байла­нысты бір мәрте қайта жа­са­лыпты. Бұл туралы БАҚ беттерінде дабыл қақ­қан мақала да жария­лан­ды. Ендігі жерде мәселе ше­шімін табуға бет бұрса, неге қуанбасқа?!

«Газ келді дегенше, жаз келді десейші». Осы сөз­дің қазалылықтардың сана­сына сіңгелі біршама жыл болды. Оңтүстік өңірлерге қарағанда аталған аудан­­ның өзіндік табиғи ерекше­лігі бар. Қысы қытымыр әрі шұбалыңқы келеді. Об­лыстың солтүстік беткейін­де орналасқан, екі күннің бірінде қарлы дауылы көз аштырмайтын Арал, Қаза­лы аудандарында жылу­дың маңызы өте жоғары. Са­қылдаған сары аязда үйіңді қолдан от жағу тәсілімен жылыту да оңайға соқпайды. Ал газдың өзіндік  орны бар.

Қазалы ауданында бұл төңіректе толымды тірліктер тындырылған сынды. Әй­теке би кентіндегі тұрғын үйлердің 85 пайызы табиғи газ желісіне қосылған. Енді көгілдір отынның таралу аймағын аудан көлемінде ұлғайтуға нақты қадам жа­са­луда.

– Биыл «Жұмыспен қам­тудың Жол картасы» бағ­дарламасымен Ғ.Мұратбаев ауылына газ апаруға 239,5 млн теңге қаралды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал Қазалы қа­ласын газдандыру жұмыс­тарын бастауға аудандық бюджеттен 3,7 млн теңге бөлінді.

Сонымен қатар, Жалаң­төс батыр мен Қ.Пірімов ауылдарын газдан­дыру үшін жоба жасауға 16 млн теңге бөлініп, жеңімпаз меке­ме анықталып, жобасы әзір­ле­нуде, – деді ендігі сөзінде Мұрат Нәлхожаұлы.

Қазалы ауданы – ауыл шаруашылығы саласына бейімделген өңір. Қырында төрт түлік төлдетіп, Сыр бет­кейінде егін салған ау­дан жұртшы­лығы өзге де кә­сіптің қыр-сырына қанық.

Дерекке жүгінсек, Қаза­лы ауданында 9 айда салаға тартылған негізгі инвес­ти­ция көлемі 906,3 млн теңгені құрады. Есепті кезеңде 10 млрд 948,9 млн теңге көле­мінде өнім өндіріліп, 718,6 млн теңге субсидия тө­лен­ген.

Биыл 17 675 гектар жер­ге ауыл шаруашылығы да­қылдары егілді. Әртарап­тандыру бағытына мән бе­­ріліп, нәтижесінде өткен жыл­мен салыстырғанда атал­ған дақылдар көлемі 452 гектарға артты.

Мал басында да өсім бар. Төрт түліктің 68,3 па­йы­зы жеке тұлғалар, 29 па­йызы ауылшаруашылық кә­­­­сіпорындарының, 2,7 па­­­йызы шаруа қожалық­та­ры­­ның үле­сінде екен. Ал би­ылғы «Алтын дән» мере­кесінде «Агро­бизнес-2020» бағдарламасы аясында 9 айда 297 млн теңге несиеге 2026 бас мал алынған.

Қазалы облыста  өңдеу саласы бойынша «Озат ау­дан» атанды.

Аудан басшысымен кез­десуде өңірдің дамуы мен өзге де шешімін күткен мә­селелер талқыға салынды.

Қазалы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<