Құрметті жерлестер!

983

0

Сіздерді еліміздің мемлекеттік мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын! Қазақстанды демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде бекіткен Ата Заңымыз – Конституциямыздың қабылданғанына 25 жыл толып отыр.

Азаматтығымыздың айшықты айғағы болған біздің Ата Заң  – Тәуелсіздіктің теңдессіз тарихи тартуы, әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі.

Тұғырлы тәуелсіздігіміздің кепілі, еңселі егемендігіміздің тірегі – Ата Заңымыз сіз бен біздің азаматтық құқығымызды қорғап, тең өмір сүруімізді қамтамасыз ететін қасиетті де қастерлі, мәртебелі құжат.

Әрбір қазақстандық Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Сондықтан да бүгінгі мерекенің Сіздер үшін орны ерекше.

Құрметті жерлестер! Сіздерді бүгінгі төл мерекемізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы мен халық игілігі жолындағы нәтижелі істеріңізге сәттілік тілеймін!

Тәуелсіздігіміз баянды болып, бірлігіміз нығая берсін.

Қылышбай БИСЕНОВ,

облыстық мәслихат хатшысы,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері,

техника ғылымдарының докторы,

профессор

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<