Қызылорда қаласында экологиялық акция өтеді

968

0

Қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған «Birge: Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы 2019 жылдан бастап ұйымдастырылуда.

Қызылорда қаласының «Қызылжарма» каналы бойында 2020 жылы 19 қыркүйекте «Дүниежүзілік тазалық күні «World Cleanup day» экологиялық акциясы өткізіледі.

Бұл акцияның мақсаты – адамдардың тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, қоршаған ортаны қорғау, қоқысты бөлек жинау және оны одан әрі өңдеу қағидатын енгізу.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орган ретінде аталған акцияға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, баршаңызды қоршаған ортаны қорғауға, оның тазалығын сақтауға белсенді қатысуға шақырамыз.

Жиналатын орын: «Табиғат үйі» мекемесі, сағат: 09:00.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<