Қызылордада полиция көлігі жол апатына ұшырады

668

0

Қызылордада патрульдік қызметтегі полицейлер мінген «Toyota Corolla» көлігі бетон қоршауына соқты.

Оқиға 24 қыркүйекте болды. Сол сәтте «Audi С4» маркалы автокөлігінің иесі басты жолда келе жатқан полиция көлігіне жол бермей соқтығысқан. Соның салдарынан патрульдік қызмет көлігі бетон қоршауына соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша «Audi С4» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<