Тарихи кезең алда тұр

310

0

Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Алдымызда жаңа тарихи кезең басталғалы тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осындай тарихи белеске нық қадаммен аяқ басудың айқын бағдары көрініп тұр. Жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күресте Қазақстан халқы шынайы патриотизм көрінісін байқатты. Алаштың анасы атанған Сыр жұртшылығы бірлігінің арқасында індеттің беті қайта бастады. Дәрігерлердің, құқық қорғау органдарының, қарапайым халықтың жұмылған жұдырықтай топтасуы қиындықтан шығудың бірден-бір ақиқатына айналды. Бірлік, тұтастық қиын сәтте байқалды.

Биылғы Жолдауда ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Неге десеңіз, ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті экономиканы құру мүмкін емес. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру үшін баспана мәселесін шешудің жолдары айқындалды.

Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Өйткені замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді, табанды еңбекті талап етіп отыр.

Жолдаудағы білім беру, денсаулық сақтау саласын жаңаша дамыту елді мекендерді одан әрі көркейту мәселесінің жан-жақты айтылғанына сүйсінбей болмайды. Адамды, қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру сөз болды. Ғылымды дамытудың айқын жолы баяндалды.

Жаңа жағдайдағы Қазақстанда нағыз іс-қимыл кезеңі басталғалы тұр. Оған әрбір азаматтың атсалысуы – басты парыз. Бұл ретте біздер жол мамандары, алғы шептен көрінуге тиіспіз.

А.ШОМАНОВ,

«Қызылорда жолдары» АҚ президенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<