Жарық қашан беріледі?

997

1

Біздер Тасбөгет кенті Е.Жүнісбаев көшесінің бо­йында тұрамыз. Аталған көшеде кезінде Сырдария ауданын бірнеше жыл басқарған, қоғам қайраткері Еламан Жүнісбаев тұрған еді.

Елекеңнің дүниеден өткеніне де көп жылдың жүзі болды. «Баяғы жартас бір жартас» дегендей көшеге әлі күнге дейін түнгі жарықшамдар тартылған жоқ. Әсіресе қыстың күндері екінші ауысымдағы сабақтан қайтқан балаларға қиын. Үлкендерге де оңай емес.

Қазір қала көшелерінің абаттандырылып, жарықтандырылып жатқанынан хабардармыз. Біздің көше де осы тізімге іліге ме деген үміт бар.

Жыл сайын әкімшілік тарапынан жарық жөнінде уәде етіледі. Нәтиже сол күйінде ұмытылады. Енді қайтеміз, жанашырымыз «Сыр бойы» газетіне жолдай отырып, тиісті орындар нақты шешім қабылдайтын болар деген үміттеміз.

Е.Жүнісбаев көшесі тұрғындары атынан

Т.Қарамолдин

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<