Қаладағы ХҚКО-ның жұмыс тәртібі неге өзгерді?

1093

0

Қызылордада халыққа қызмет көрсету орталықтары өзгерген тәртіпте жұмыс істей бастады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ облыс бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте хабарлады.

«Енді азаматтар орталықтан тек қағаз жүзіндегі, электронды форматта қолжетімсіз және egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген қызмет нәтижелерін ғана алады. Онда бару үшін 1414 байланыс орталығы, egov.kz сайтындағы арнайы сервис немесе TelegramBot қосымшасы арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет. Алдын ала жазылусыз қызмет көрсетілмейді», – деді ол.

Өзгеріс Қызылорда қаласындағы орталықтарға ғана қатысты. Аудандық маңызы бар қалалардағы, аудан орталықтарындағы бөлімдерге келушілер айтарлықтай аз болғандықтан жаңашылдық қолданылған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер мен оларды өз бетінше алу жолдары туралы толық ақпаратты 1414 нөміріне хабарласып білуге болады.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<