Қазалылықтар жарамсыз күйдегі қос үйді салуда асарлатып жатыр

409

0

Қазалыда қайырымды жандар толассыз жаңбырдың әсерінен жарамсыз күйге түскен қос отбасының баспанасын қайта салып жатыр. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жақсы іске жас кәсіпкерлер Мархаббат Асанова мен Мерей Айекешованың әлеуметтік желідегі жазбасы түрткі болды. Қасиетті айда көмек көрсетем деушілер үшін жазбада көрсетілген есепшотқа қаржы жиналып, соның есебінен үйлердің іргетасы қаланды. Бірі – Қазалы қаласындағы жалғызбасты әкенікі, екіншісі – Қ.Пірімов ауылындағы ерлі-зайыптылардікі.

Қала жастары жалғызбасты әкенің ауласын қоршап, темір қақпа орнатып жатыр. Қ.Пірімов елді мекені жастарының демеушілігімен ауылдағы үйдің іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып тұр. Енді үйдің төбесін жауып, шатыр орнату қалды.

«Қайырымдылық шарасын қолға алып, баспанаға мұқтаж жандарға арнап тұрғын үй салып жатқан жандарға алғыс айта айтамыз», – делінген хабарламада.

Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы».

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз