Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

1180

0

Қазақстан халқының саны бір жылда 245 мың адамға көбейді.

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2021 жылдың 1 қаңтарындағы есептеулер бойынша Қазақстанда халық саны 18877,1 мың адамға жетті. Оның ішінде қала тұрғындары – 11149,7 мың адам (59,1%), ауыл тұрғындарының саны – 7727,4 мың адам (40,9%).

2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% көбейді. Ең көп өсім үш аймақта байқалды: Алматы қаласында (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласында (48,5 мың адам) және Шымкентте (38,0 мың адам).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<