Қызылорда: Ауыз су уақытша тоқтайды

591

0

2021-2022 жылғы қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында 7 қыркүйектен 8 қыркүйекке қараған түні Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата – Алмағанбетов көшелерінің қиылысында орналасқан ауыз су жүйесінің қарау құдығындағы д-520 мм ашып жабу ысырмаларын ауыстыру жұмыстарына байланысты қала орталығында ауыз су беру түнгі сағат 00.00-ден бастап таңғы сағат 06.00-ге дейінгі уақыт аралығында уақытша тоқтатылады.

Қала тұрғындарынан қажетті ауыз су көлемін жинап алуларыңызды және атқарылатын жұмыстарға түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<