Сырдария жастары бақ сынады

763

0

Бүгін «Сыр үміті» жастар қауымдастығы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен бірге Сырдария ауданы жастары арасында Н.Ілиясов ауылында «Aqyl Battle» интеллектуалды сайыс өткізді.

Облыстық мәслихат депутаты, «Сыр үміті» жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиев сайыс қатысушыларына сәттілік тілеп, алдағы уақытта жастардың интеллектуалды дамуын қолдау мақсатындағы шараларға тұрақты түрде қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

Сайысқа ауданға қарасты барлық ауылдан 23 команда (әрбір командада 4 адамнан бар) қатысты. Интеллектуалды сайысқа аудан жастары белсенді түрде қатысты. Іс шараның жалпы жүлде қоры 1 000 000 тг.

Сайыс қорытындысымен қауымдастық төрағасы Мағжан Ералиев I орынды иеленген Шаған ауылынан келген «Smart team» командасын 300 000 теңге, II орын иеленген Ақжарма ауылынан келген, «Зияткер» командасын 200 000 теңге, III орын иеленген А.Тоқмағамбетов ауылынан келген «Асқар жастары» командасын 100 000 теңге қаржылай сыйақымен марапаттады. Мұнымен қоса әрбір қатысқан командаға арнайы сыйлықтар табыстады

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<