Тәуелсіздіктің төл құрдасы

551

0

Аға офицер – Ақмырзаев Ғафур Әлиұлы – Қазақстан Республикасы ТЖМ Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері.

Ел тәуелсіздігінің төл құрдасы – Қызылорда облысының тумасы. 2017 жылы Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау университетін Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою инженері мамандығы бойынша оқып, тәмамдаған. Капитан Ғафур Әлиұлы азаматтық қорғау органында 2013 жылдан бастап қызмет атқарады. Алдына мақсат қоя білетін, ізденімпаз маман. Азаматтық қорғаныс, Төтенше жағдайлар және авариялық-құтқару қызметтері күш-құралдарының жұмысын үйлестіреді.

2017-2021 жылдар аралығында Қызылорда облысы аумағында өткізілген «Көктем», «Қыс», «Жер», «Протон- 2019», «Қорғау-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды дайындау және өткізуге белсене араласып, кәсіби біліктілігін жоғарғы деңгейде көрсетті. 2020 жылғы 13-17 қаңтарда «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде даярлық курсынан өтті. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Жас құтқарушылар» клубының жұмысын ұйымдастырушы. 2017-2019 жылдары Қызылорда облысы ТЖД «Жас құтқарушылар» клубының командасын республикалық жарыстарға дайындады.

«2020 жыл – Волонтерлер жылы» болуына байланысты Ғ. Ақмырзаев Қызылорда облысы волонтерлер фронт-офисінің «Үміт» бағыты жетекшісі болып сайланды. Жыл көлемінде жоғалған адамдарды іздеу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі жобаларға волонтерлерді тартты. 2020 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың қатысуымен ArtHub шығармашылық капитал орталығының алаңында (EXPO-2017) өткен республикалық волонтерлердің Фронт-кеңсесі іс-шарасына Қызылорда облысынан қатысты.

2020 жылы Ғ. Ақмырзаев жетекшілік ететін «Үміт» бағыты волонтерлері «Біз біргеміз» акциясында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, «Covid-19» пандемиясының өршіп тұрған кезінде тұрғындарға тегін бетперде (маска) таратты. Азаматтық қорғау органдарының бейіндік оқу орындарына оқушылар мен жастарды тарту мақсатында жастарға кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. 2021 жылы жоспарланған объектілерді тексеруге атсалысты. Нәтижесі бойынша 85 бұзушылықты анықтап, ұйғарымдамалар берді.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<