Тереңөзекте көпбалалы ана үйлі болды

966

0

«Хикмет» қайырымдылық қорының қолдауымен Тереңөзек кентінде тұратын көпбалалы ана Райкүл Балмахановаға тұрғын үй кілті табыс етілді, – деп хабарлады Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, қызының ем алуына қажетті қаражат сертификаты берілді. Көпбалалы ананың қуанышы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, қор төрағасы Азамат Болатбек бөлісті.

Құрылғанына жыл толмаған қайырымдылық ұйымы қайырымды жандардың қолдауымен 6 көпбалалы отбасының баспаналы болуына жәрдемдескен.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<