Тыңда, дала, Жамбылды!

1417

0

Сәрсенбі күні Шиелі аудандық Бұдабай Қабылұлы атындағы Мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне және де  жыр алыбы – Жамбылдың 175 жылдығына орай аудан әкімдігінің қолдауымен «Тыңда, дала, Жамбылды!» атты облыстық дәстүрлі әнші-жыршы-термешілер фестивалі өтті. Дәстүрлі өнер мерекесіне Сыр бойының айтулы жыршы-термешілері қатысып, ұлт тәрбиесінде биік орын алатын рухани қазына қоржынынан шашу шашты.

Жыр кешін аудан әкімінің орын­басары Алмасбек Есмаханов ашып, жандүние байлығын арттырар жырау­лық дәстүрдің Сыр бойында тіні үзілмей келе жатқанын айтты.

Жыр алыбы атындағы фес­ти­вальға Руслан Ахметов, Шолпан Бимбетова, Серік Жақсығұлов, Майра Сәрсенбаева, Айдос Рахметов,  Ақмарал Ноғайбаева, Жақсан Жәнібек, Әділхан Қуаңбаев, Нұр­тілек Ақтаев, Ізбасхан Дәулет­хан қатысты. Ал фестивальді тарих ғылымдарының магистрі Марат Сүгірбай жүргізді.

Жиын соңында өнер фести­ва­ліне қатысушыларға сый-сияпат жасалып, алғыс хаттар табысталды. Шараны Шиелі аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері жоғары дең­гейде дайындап, өткізді.

Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.

Шиелі ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<