ҰОС ардагері Әлайдар Қаюповтың атына көше берілді

907

0

Шиелі кентінде орналасқан көшелердің біріне Ұлы Отан соғысының ардагері Қаюпов Әлайдар Қайыпұлының есімі берілді. Көшенің ашылу салтанатты шарасына аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Есмаханов, сондай-ақ Қаюпов Әлайдар Қайыпұлының әулеті, БАҚ өкілдері мен ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж. Баймұратова қатысты.


Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Есмаханов “Ағамыз жастайынан Ұлы Отан соғысына аттанып, толарсақтан саз кешіп, бізге жарқын болашақ сыйлады. Ашаршылықты да, қуғын-сүргінді де көрді. Қиын кезеңдерде жер аударылғанына қарамастан, туған жеріне келіп, осында өсіп-өніп ұрпақ өрбітті», деп «Ұлы Отан соғысы» және «Қызыл жұлдыз» ордендерінің иегері Қаюпов Әлайдар Қайыпұлының ерлігі мен батырлығын тілге тиек етті.

Сөз соңында Каюповтар отбасына облыс әкімінің орынбасары С. Ахметтің арнайы құттықтауы табысталып, Әлайдар Қаюпов атындағы көше салтанатты түрде ашылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<