Жанармай бағасы тағы көтерілді

1130

0

Бұл – жылда қайталана беретін үйреншікті жағдай. Көктемгі егін егу  жұмыстары басталар сәтте жанар-жағармай бағасы қымбаттайды. Биыл да осылай болды. Мәселенің мән-жайына  қанығу үшін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Ерсін Орынбаевқа телефон шалып, түсінік беруін өтіндік.

Ол департамент тарапы­нан жағдайдың тұрақты түр­де бақылауға алынып отыр­ғанын мәлімдеді. Сон­дай-ақ жекелеген мұнай өнім­дерін өндіруші бірлі – жарым ком­паниялардың жанармай са­ту­да монополиялық жағ­дайда бағаға үстемдік жасап отырғанын айта келе, де­генмен, аймақтағы жанармай нарығы департаменттің бақылауында екенін жет­кізді.  Сонымен бірге ол қа­зіргі күндері Атырау мұ­най өңдеу зауыты жөндеу жұ­мыс­тарына байланысты тоқтап тұрғанынан хабардар етті.  Келесі кезекте Павлодар және Шымкент зауыттары жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмыстарын тоқтатады.

Иә, айтары жоқ, осындай кауырт сәтті өз мүдделеріне пайдаланып, олардың тарапы­нан артық пайда алғысы келетін әрекеттер орын алуда. Бірақ,  бұл – уақытша құбылыс.

Тағы да оқыңыздар

Әлемдік мұнай нарығы: Болжамдар қаншалықты шындыққа айналуда?

– Негізінен біздің тара­пы­­­мыздан тексеру барысын­да жа­нармай бекет­те­­рін­­де айтарлықтай заң бұ­­­зу­­шы­лық­тар орын алған жоқ. Бен­зин негізінен қалып­тасқан өзіндік құнына сәйкес са­тылуда, – деді департамент бас­шысы және бір сөзінде.

Ал облыстық ауыл ша­р­уашылығы басқармасының бас­­шысы Шахмардан Қойшы­баев өз кезегінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық бары­сынан мәлімет берді.

Оның атап өткеніндей, биыл облыстың ауылшаруа­шы­лық саласындағы көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін барлық жанар-жағармайдың  белгіленген көлемі  – 12804 тонна. Бүгінгі күні оның нау­рыз және сәуір айларына бел­гіленген 7854,3 тоннасы үшін қаржы төленген. Қазір оның цистерналарға тиелген 7694 тоннасы арнайы опе­раторлардың базасына жет­­кізілген. Олар – «НефтьТранс – Кы­зыл­­орда», «РК-Мұ­най», «Қызылорда мұ­най өнім­­дері» және «Жаңа­қор­ған Ойл» жауапкершілігі шек­теулі серіктестіктері. Бү­гінгі күні кел­ген жанар-жағар­май­дың 3 мың тоннадан ас­та­­мы шаруа­­­шылықтарға тара­­­тылып беріл­ген.

Басқарма басшысы  дизель отынының нарықтағы бағасы 200 теңгеден асып тұрса, шаруашылықтарға жеңіл­де­тілген бағамен, яғни 164 тең­ге­ден босатылып жатқанын айтады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<