Жол қауіпсіздігі қадағалануы тиіс

249

0

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізіне жақын орналасқан Әйтеке би кенті мен ауылдық округтің тұрғындары үй жануарларына жарық шағылыстыратын белгі тағу қажет. Бұл туралы кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жол қауіпсіздігіне арналған басқосуда айтты.

– Көлік жүргізушілеріне кеш бата жол үстіне шыққан төрт түлікті бірден байқау қиынға түседі. Сондықтан малдың бас жібін сәуле шағылыстыратын материалдан тіккен дұрыс. Себебі жалт-жұлт еткен жапсырма көліктегі жүргізушіге алыстан байқалып, қырағылығын арттыруға септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде жолдың бойындағы қайғылы оқиғадан аман сақтайды, – деді Мұхтар Әуесұлы.

Басқосуда аудан басшысы Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кенті мен Майлыбас, Басықара, Құмжиек, Қарашеңгел, Ғ.Мұратбаев ауылдық округініңәкімдеріне жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолға алуға тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<