20 жасында танылғандар

2329

0

Ыбырай Алтынсарин 20 жасында өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болып барған. Оған дейін ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы 4 жыл өз үйінде оқытады.

Міржақып Дулатов 20 жасында Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға араласып, патша өкіметіне қазақ халқының атынан петиция жазуға қатысады.

Мұхтар Әуезов 20 жасында «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны Ойқұдықтағы сахнаға шығарады. Келесі жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.

Шоқан Уәлиханов 19 жасында «Тоқтамыс ханның жарлығы» атты алғашқы ғылыми еңбегін жарыққа шығарып, бір жыл өткен соң Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін зерттейді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 20 жасында «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, бірқатар әңгіме, мақалаларын сол журналда жүріп жазады.

Бекзат Саттарханов 20 жасында Сидней олимпиадасына қатысып, олимпиада чемпионы атанды?

20 жасыңызда Сіз не істедіңіз?

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<