Әлеуметтік қорғау әлеуетті көтереді

565

0

Есепті кезеңде 337698 адамға 127,7 млрд теңге кө­лемінде зейнетақы, әлеу­мет­­тік жәрдемақы төленді. Жа­­­сына және мем­­­лекеттік базалық зей­нет­ақы, жәрдемақының артуы­на бай­ланысты былтыр қаңтар­дан бастап 224 мыңнан ас­там, 1 сәуірден бастап 247 мың­нан астам төлем алушы­ның ісі қайта қаралды. 25 мың­нан астам көпбалалы отба­сына жаңадан жәрдемақы та­­­­ғайындалды. Заңнамаға то­­лық­тыру енгізілуіне байла­нысты 8 және одан да көп баласы бар 85 отбасына бе­рілетін жәрдемақы мөлшері 2020 жылғы 1 қаңтардан бас­тап қайта есептеліп, айыр­ма­шылығы шілде айында тө­ленді.

«Ардагерлер туралы» Заң­ға сәйкес былтыр маусымда 274 ардагер әскери қызметші­ге арнаулы мемлекеттік жәр­­демақы тағайындалды. Кей­бір санат үшін белгіленген коэф­фициенттердің өзгеруіне байланысты 537 адамның жәр­демақы мөлшері қайта қа­ралды.

«2021-2023 жылдарға ар­налған республикалық бюд­жет туралы» Заңға сәйкес жыл басында айлық есептік көр­сеткіш (2917 теңге), ең тө­менгі зейнетақы (43272 тең­ге), базалық зейнетақы тө­лемі (18524 теңге), күнкөріс деңгейі (34302 теңге) артты. Сондықтан жасына және ең­бек сіңірген жылдарына қарай берілетін зейнетақы биыл 7% көбейді. 236,9 мыңнан ас­там адамның зейнетақы, жәр­демақысы қайта есептелген түрде төленуде.

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері 10789 қызмет алушыға мүгедектік, еңбек ету қабілетінен айы­ры­лу дәрежесін белгілеу, қа­­жетті әлеуметтік қорғау ша­ра­ларын айқындау қыз­мет­терін көрсетті. Бұл алдың­ғы жылғыдан 8,2% аз. 10 мың адамға шаққандағы алғаш­қы мүгедектік деңгейі салыс­тырмалы түрде 27,3-тен 25,5-ке төмендеген. Алғаш рет мү­гедектік тағайындалған 1406 ересек адамның 81,1%-і – еңбекке қабілетті жастағылар, 18,9%-і – зейнеткерлер.

Профилактикалық бақылау жүргізілген 28 субъектіде 235 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы 38 ұй­ғарым берілді. Жоспардан тыс 1 тексеру бойынша 20 заң­­бұзушылық анықталып, 1 лауа­­зымды тұлғаға айыппұл салынды. Анықталған 255 заң­бұзу­шылықтың 81,6%-і жо­­­йылды. 18,4%-ін жою мер­­­зімдері алдағы уақытқа бел­гі­­ленген.

2020 жылы жеке және заңды тұлғалардың 1336 өті­ніші қаралып, 283-і қанағат­тандырылды. 862-сі бойын­ша тү­сіндірме беріліп, 8-і қыс­қартылды. 183 азамат бас­шы­лықтың жеке қабылдауында болды. Қаралған өтініштер саны 2% азайды. Оның көп­шілігі зейнетақы және әлеу­меттік қамсыздандыру, ме­­ди­­циналық-әлеуметтік са­рап­­­тама жүргізу мәселелеріне байланысты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<