Әлеуметтік төлемдерді тағайындау

1088

0

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қызылорда облысындағы мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны 31775, оның ішінде ересектер 26143, балалар арасында 5632 бала. Жалпы халық саны бойынша мүгедектердің үлестік салмағы-3,8%.

Ағымдағы жылғы 9 айда медициналық – әлеуметтік сараптама (бұдан әрі МӘС) бөлімдерімен 8754 қызмет алушыларға мемлекеттік қызметі көрсетілді, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда – 7773 немесе 12,6%-ға өскені байқалады.

1.Алғашқы рет куәландыру қорытындылары бойынша:

Аталған кезеңде 1943 қызмет алушыға алғаш рет мүгедектік тобы тағайындалған (2021ж 9 айда -1628 немесе 315 адамға көбейген).

Есепті мерзімде 10 мың адамға шаққандағы алғашқы мүгедектік қарқынды көрсеткіші 23,4% құрады (өткен жылы 9 айда-19,8%). Республика бойынша бұл көрсеткіш – 19,7% құрайды,

Алғаш рет мүгедектік тағайындалған 1260 ересек адамдардың 985 (78,2%) – жұмысқа жарамды жастағылар (2021 ж.9 ай -876), 275 (21,8%) – зейнеткерлер  құрайды (2021ж. 9 ай -212).

Ересектер арасында алғашқы мүгедектікке шығудың нозологиялық құрылымын талдау бойынша өткен жылмен салыстырғанда:

бірінші орында- 327, қан айналымы жүйесінің ауруларысалдарларынан алғашқы мүгедектікке шыққандар 28,4%-тен 25,9%- ға төмендеген;

екінші орында-244, қатерлі ісіктераурулары салдарларынан өткен жылмен салыстырғанда 21,0%-дан 19,4%-ға төмендеген;

үшінші орында- 163, көз аурулары және оның қосалқыларысалдарларынан алғашқы рет танылған мүгедектік 13,0%-дан 12,9%-ға аздап төмендеген;

төртінші орында-157, жарақаттарсалдарынан алғашқы мүгедектікке шығу 9,7%-дан 12,5%-ға өскен.

18 жасқа дейінгі балалар арасында мүгедектікке 683 бала шыққан, былтырғы 9 айда бұл көрсеткіш 540 болған, яғни есепті кезеңде 143 балаға көбейген.

Балалар арасында алғашқы мүгедектікке шығудың нозологиялық құрылымы бойынша өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда:

бірінші орында – 244, жүйке жүйесі ауруларының салдарынан алғашқы мүгедектікке шыққандардың үлестік салмағы 31,5%-дан 35,7%-ға  өскен;

екінші орында – 203, «туа біткен даму ақаулары, деформация және хромосомдық ауытқулар» салдарларынан танылған мүгедектігі бар балалардың үлестік салмағы 35,0%-дан 29,7%-ға төмендеген;

үшінші орында – 48, тыныс алу органдарының аурулары – 5,6%-дан 7,0%-ға өскен;

төртінші орында– 28, эндокриндік аурулар, тамақтану және зат алмасудың бұзылуы аурулары3,9%- дан 4,1% -ға өскені байқалады.

2.Қайта куәландыру қорытындылары бойынша:

2022ж. 9 айда 5517 мүгедек, оның ішінде 3590 ересек адам, 1927 мүгедек бала қайта куәландырудан өткен.

Қайта куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдар арасынан  (3590) 379 адам толық оңалған, бұл көрсеткіш 6,9% құрайды. Республика бойынша бұл көрсеткіш 6,8% құрайды. (2021 жылғы 9 айда облыс бойынша бұл көрсеткіш 7,8% болған).

Оның ішінде ересектер арасынан 261 (7,3%), мүгедектігі бар балалар арасынан 118 мүгедектігі бар бала (6,1%) толық оңалтудан өткен.

2021 ж. 9 айда қайта куәландырудан өткен 5159 мүгедектігі бар адамдар арасынан 402 адам (7,8%) толық оңалған. Яғни, бұл көрсеткіш биыл 0,9% -ке төмендеген.

Есепті мерзімде қайта куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың 235 (13,1%) жартылай оңалтылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда біршама төмендеген (245-15,0%). Республика бойынша бұл көрсеткіш 15,6% құрайды.

Топты жоғарылату көрсеткіші 295 (6,8%) болып, өткен жылмен  салыстырғанда 0,9%-ке өскен (203-5,9%) Республика бойынша бұл көрсеткіш 5,5% құрады.

3.Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасы бойынша:

Мүгедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес,  2022ж.9 айда 2930-не (56,7%) ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігі бойынша, 218-не (4,2%) кәсіби бөлігі бойынша оңалту шаралары әзірленді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттар жүйесі мәліметтеріне сәйкес, 01.10.22ж. жағдай бойынша әзірленген ОЖБ-ға сәйкес, облыс аумағындағы мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етудің орындалуы 84,7% құрады (Республика бойынша 78,6%), оның ішінде протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету 62,8%, сурдотехникалық көмек 80,0%, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету 82,8%, кресло-арбамен қамтамасыз ету 87,4% болса, санаторлық- курорттық емделу 70,5%, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету 95,5%, жеке қызметшінің әлеуметтік қызметі 98,5%, ымдау тілі маманының қызметтерінің орындалуы 97,9% құраған.

4. Проактивті сырттай куәландыру барысы жайлы:

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы» 14.06.21ж бекітілген бұйрығына сәйкес, 15.11.21ж бастап Департаменттің МӘС бөлімдері аталған мемлекеттік қызмет түрін проактивті сырттай көрсетіп келеді.

01.10.22ж Республика бойынша сырттай куәландырудың динамикалық көрсеткіші бойынша 1798 тұлғаға медициналық-әлеуметтік сараптама проактивті сырттай жүргізілген, бұл осы мерзімде жүргізілген жалпы 8754 куәландыру санының 20,5% құрайды. Республикалық көрсеткіш 22,6% құрайды.

Есепті мерзімде мүгедектерді әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу заңнамасы талаптарын халық арасында түсіндіру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, аудандық және қалалық ауруханалар мен емханалардың дәрігерлік-кеңестік комиссиялары (бұдан әрі – ДКК) төрағаларының, Денсаулық сақтау басқармасының мамандарының қатысуымен ДКК-мен медициналық-әлеуметтік сараптамаға берілген жолдамалар мен медициналық құжаттардың негізділігі мен сапасы туралы, мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту мәселелері жөнінде ақпараттық- түсіндіру шаралары атқарылды.

Атап айтқанда, есепті мерзімде аталған тақырыпта 23 рет кездесулер, аудандық емханалар мен ауруханалардың ДКК төрағалары мен мүшелері арасында МӘС-тің көшпелі мәжілістерінде 6 семинар – кеңестер өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және телевидение арқылы 34 рет осы саладағы заңнаманы түсіндіру шаралары жүзеге асырылды.

Алдағы уақытта, қолданыстағы заңнамаларды басшылыққа алып, негізді, орынды шешім шығару жұмыстарын, алғашқы мүгедектікке шығудың алдын алу, мүгедектігі бар адамдарға жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы бойынша Денсаулық сақтау ұйымдарымен және облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдаламалар басқармасымен бірлесіп жұмысты жалғастыру.

Тлеукүл Мырзахметова,

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің

Қызылорда облысы бойынша департаментінің

Медициналық –әлеуметтік сараптама

жөніндегі орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<