Алмаарасан тауларынан жоғалған әйел табылды

381

0

Фото: ашық дереккөз

Жоғалған әйел Алмаарасан тауларынан табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ «РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 7 қаңтарда 1983 жылы туған турист әйел тауға, «Терра» алаңына жалғыз өзі шыққан. Жаяу серуендеп болғаннан кейін ол көлікке түскен кезде телефонын және бақылау таяқшаларын жоғалтып алған. Әйел таудан түсіп бара жатқанда, қар көшкіні жүріп, ол құлап қалған. Осылайша, көшкін оны «Проходная» өзеніне қарай алып кеткен.

9 қаңтарда сағат 5 шамасында ҚР ТЖМ «РЖҚЖ» ММ кезекші бөліміне Алмаарасан шатқалында жоғалған әйел туралы шақыру келіп түскен. Жеке құрамның 11 құтқарушысы, оның ішінде 1 кинология есептобынан тұратын жедел топ құтқаруға шыққан. РЖҚЖ қызметкерлері туристі түні бойы жартасты және қарлы таулардан іздеген. Іздеу түні бойы жалғасты. Түнгі сағат 4-ке таяу зардап шеккен турист табылды.

РЖҚЖ құтқарушылары барлық қажет көмек көрсетіп, туристі Проходное шатқалына қарай тасымалдаған. Кейін зардап шегуші АМО бригадасына табысталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<