Бала құқықтары туралы конвенция

2051

0

Конвенция – Бала құқығының әлемдік конституциясы.

Халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды?

Балалар бұл бесік арбадағы нәресте, бала бақшаға асыққан сәбилер,бастауыш,5-7 сынып оқушылары сонда да болса, 8сынып оқушылары кейде өздерін бала деп атағаны үшін ренжиді. Олар –жеткіншектер, яғни өздерін ересек сезінеді.

16-17 жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз. Конвенцияның бірінші бабын оқып көрейік, 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат. Яғни, 18 жасқа толмағн жасөспірім, жеткіншек те Конвецияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы, Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жатады. Балаға есім ата-анасының келісімі бойынша беріледі.

Әдетте, ата-аналар өз балаларына кез келген атты ойлап қоя береді. Дегенмен, ондай тандаудың шегі бар. Баланың мүддесін ескере отырып, ата-аналар өз құқықтарын пайдаланып, баланың мүддесіне қарама қайшы келетін, айналасына күлкі не жағымсыз жағдай туындататын есімді таңдамау керек. Баласының әкесінің аты ұлттық дәстүр ескеріле отырып, әкесінің есімімен жазылады.

Мәселен ата-аналарының қалауына қарай әкесінің атына «ұлы», «қызы» сөздері қосылып жазылуы мүмкін. Егер баланың әкесінің қос аттан тұрса ата-аналарының қалауына қарай екі аттың бірі әкесінің аты болып жазылады. Егер әкесінің аты белгісіз болса, шешесінің нұсқауымен баланың әкесі ретіндегі адамның есімі жазылады, ал тегі шешесінің тегімен көрсетіледі.

Раушан Жиенбаева,

Қызылорда облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<