Берік отбасы – есірткіден алыс

313

0

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында, «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс»,- деп атап көрсеткен. Деніміз сау болсын десек алдымен зиянды әдеттен аулақ болуымыз керек. Зиянды әдеттер темекі тарту, ішімдік ішу, нашақорлық сияқты адам денсаулығына кері ықпал ететін әрекеттер адам ғұмырын қысқартады. Бұлар ғасыр індетіне айналып отыр.

«Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны «Өркениетпен бірге жүретін қарақұрт» деп отыр. Себебі есірткі дегеніміз адам әрекеттерінде, ой-сезімдерінде өзгерістер тудыратын табиғи және синтетикалық заттар.

Бұл затты қолдану бірнешес ебептерге байланысты болады. Олар: қоғам әсері, қызығушылық, білімсіздік, санасыздық. Есірткі адамды өмірден адастырады. Мысалы, депрессия, жалғыздық, абақты, бекерге ақшаны шашу, өлім, өмірден үміт үзу. Нашақорлық-адам ағзасын өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Қазіргі таңда бұл дертті жастар тез қабылдайды. Ең қатерлісі есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіпті жақын адамын өлтіруден де тайынбайтын жағдайға барады. Нашақор өзі үйренген есірткілердің бірін көрсе, аш қасқырдай тарпа бас салады.

        Елбасымыздың жолдауында «есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды» делінген. Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыруы керек. Егер келешегі әлі алда деп есептелетін кейінгі толқын өкілдері мұндай қауіпті кеселге бой алдырса, онда ертеңгі күнге қандай сеніммен қарай алмақпыз. Өзегіне құрт түскен мемлекеттің өркениет көшіне ілесуі екіталай екені айтпай-ақ түсінікті.

Ақыловтар отбасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<