Біз еліміздің болашағының жарқын болғанын қалаймыз

387

0

«Nur Otan»- партиясы алдағы сайлауда ұсынатын жаңа депутаттар корпусының құрамын қалыптастыруға бағытталған праймериз – партияішілік сайлауын өткізді.

Бұл сайлауға қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Әрине,біздің елімізде алғаш қолға алынған саяси шара болғандықтан оның жетістігімен қатар, кемшін тұстарының болуы да заңды.Биліктің немесе сыртқы күштердің ықпалын мейлінше азайтуды көздеген дауыс берудің электрондық жүйесі сыр беріп, ашылмай,дауыс бере алмай,әбігерге салған сәттер де болды.Дегенмен де, тәуекелге барып, дауыс берудің осындай формасын енгізу, бұл «Nur Otan» тарапынан жасалынған батыл қадам.

Партияның негізі – бастауыш партия ұйымдары екенін көбісі енді түсіне бастады. Білім, денсаулық, оқу орындары, ірі өндіріс т.б салалардағы бастауыш партия ұйым мүшелері осы саяси науқан барысында байқалған белсенділерді назардан тыс қалдырып, өз өкілдеріне басымдық берді. Бұл алдағы жұмыста мән беретін мәселе.

Дегенмен де біз праймериз барысында жаңашыл, белсенді азаматтардың жаңа буынның өкілдерін байқадық. Енді праймериз жеңімпаздары 12 ақпанға дейін өтетін партия коференцияларында аудан, қала, облыстық мәслихаттарға кандидат ретінде ұсынылатын болады. Алдағы сайлауға «Nur Otan»- партиясы біршама дайындықпен жылжуда. Бұл шаралардың басқа партиялардың сайлау науқанына жаңаша қарауына ықпалы болары анық.

Біз еліміздің болашағының жарқын болғанын қалаймыз.Бұл жолда жақсы бастамалар, идеялар көтерген азаматтар біздің құндылығымыз. Ал, ойы бұзық, керағар, тасадан тас ататын шолақ белсенділер қай қоғамда да болған.Оларға қуғын-сүргін заманында, алаштың арыстарын қор қылғандай, жол бермеу керек. Бүгінгі ары,жаны таза азаматтармен тонның ішкі бауындай ынтымақта болып,қолдайық ағайын!

Ибадулла Құттықожаев,

облыстық мәслихаттағы

«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<