Дәрігерлерге жігер береді

637

0

Әлемді шарпыған пандемия қалыпты тіршілігімізге айтарлықтай өзгерістер әкел­­ді. Қоғамның қай саласы да өзгерістерге бейім­делуге мәж­­бүр болды. Әсіресе, меди­цина саласына ауыр соқты. Қиындықтарға мойымай, ал­ға ұмтылудың нәтижесінде жеткен жетістік­теріміз де баршылық. Оны облыс әкімі есепті кез­десуінде айтып өтті. Соның ішінде денсаулық сақтау саласы бойынша атқарылған жұмыстар көңіл қуантады. Індетке қарамастан құрылыс, білім, денсаулық салаларында толайым тірліктің атқарылып жатқанын байқап отырмыз. Аймақ басшысы өз баяндамасында денсаулық сақтау саласында аудандық орталық ауруханалар салу мәселесін толығымен шеш­кенін, ендігі кезекте алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін 62 нысанды 2024 жылға дейін жаңар­туды жоспарлап отыр­ғанын жеткізді. Сонымен бірге,  Мем­лекет басшысының қол­дауымен коронавируспен күреске бюд­жеттен қомақты қаржы бөлініп, нақты ше­шім­дер қа­был­данғанын, ін­детпен күрес әлі жалғасып жатқанын айтты.

Жүйелі шаралар және медицина қызметкерлерінің табанды еңбегінің нәтижесінде бүгінде өңір «жасыл ай­мақта».  Қазіргі кезде ви­русқа қарсы вакцинациялау жүргізілуде. Бұл орайда облыс әкімі екпе салдыру ерікті түрде екенін айтты.

«Бүгінгі күні аймақта жап­­пай вакцинация жұмыс­тары жүргізілуде. Вакцина салдыру – әр адамның жеке қалауы. Мәжбүрлеу жоқ. Ең маңыздысы, әр адам өзінің, туыстары мен жақын адам­да­рының денсаулығына мұқият болу  керек. Бұл – бүгінгі күн­нің талабы», – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің әрбір істе бірлік, ымыралық танытып, жұмыла еңбек етуге шақыруы дәрігерлер қауы­мына үлкен жігер береді.  Дүниені дүр­белеңге салып, қорқыныш қамытын кигіз­ген бұл індетті де бірігіп жеңетінімізге сенеміз.

Гүлстан Мақсұтова,

№3 қалалық емхана

бас дәрігері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<