Ден қойғанға ем қонады

554

0

Облыс әкімі Гүлшара  Әбдіқалықованың тұрғындар алдындағы есебі коронавирус пандемиясымен күресуде  аймақта атқарылған жұмыстардан басталды.  Әлемді жайлаған пандемия  бәрімізге  үлкен сынақ болғаны белгілі.  Қауіпті кесел қалыпты өмірімізге біршама өзгерістер әкелді. Қоғамның қай саласы болмасын, сол өзгерістерге бейімделуге мәжбүр болды. Әсіресе, медицина саласына қиын соққаны жасырын емес.

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында, «ко­ро­­навируспен күресуде тиісті саба­ғымызды алып, алдағы уақытта індетті болдырмау үшін жұмыс жасауымыз қажет» деп атап көр­сетті. Осыған орай, облыста тұр­ғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуде, ауруханалардың материалдық-техникалық базасын жарақтандыруда біршама жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, Жала­ғаш аудандық ауруханасының қол­­да­нысқа берілуінің өзі ауыл ме­­ди­цинасының қолжетімділігін арт­­тырды.

Кеселмен күресте өзім басқа­ратын көпбейінді облыстық ауруха­на мен Қазалы ауданаралық ауру­ханасында оттегі стансасы салы­нып, іске қосылды.  Бұл өз кезе­гінде көп көмегін тигізуде.

Аймақ басшысы өз баянда­ма­сын­да денсаулық сақтау сала­сында аудандық орталық ауруха­налар салу мәселесі толығымен ше­шілгенін, ендігі кезекте алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін 62 нысанды 2024 жыл­ға дейін жаңарту жоспарланып отырғанын жеткізді. Осындай жү­йе­лі жұмыстардың нәтижесінде бүгінде өңір «жасыл аймақта».

Жалпы, өңірдің қай саласын алсақ та алға жылжу байқалады.   Халқы­мызда  «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген тамаша тәмсіл бар ғой. Қиындыққа қара­май қол жеткізген барша жетіс­тік­теріміздің бастауы – бірлікте деп ойлаймын. Ендеше елге келген ін­детті де бірге жеңеміз деп білемін.

Нұридин ӘМИТОВ,

 облыстық көпбейінді аурухана директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<