Головкин мен \»Канелоның\» екінші кездесуі қанша табыс әкелді?

334

0

Бүгін Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің кездесуіне сатылған билеттер мен ақылы көрсетілімдерден түскен жалпы қаражаттың сомасы белгілі болды деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Невада штатының атлетикалық комиссиясының ақпаратына сәйкес, екінші кездесудегі жалпы табыс 16 732 түбіртекке 23 473 500 долларды құраған.

Ал НВО PPV-дағы ақылы көрсетілімдердің жалпы сомасы 1,1 миллионды көрсеткен. Олар 94 млн доллардан көп қаржы әкеліпті.

Осылайша, өткен кездесудің барлық табысы 117 473 500 доллар болып отыр.

Сатылған PPV мен билеттерден бөлек, бұл қатарға стримингті қызметтер мен Лас-Вегас қаласының түрлі орындардағы, АҚШ-тың 450 кинотеатрындағы көрсетілімдерін қосуға болады.

Одан бөлек, ұйымдастырушыларға демеушілік келісімшарттар мен жанкүйерлік атрибуттар, сондай-ақ, телекөрсетілім құқығын жүзеге асыру мәселелері қосымша табыс әкелген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<