ҰЛЫ АБАЙДЫҢ МҮСІНІ – 300 МЫҢ ТЕҢГЕ!

1018

0

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ МҮСІНІ – 300 МЫҢ ТЕҢГЕ! Өскеменде ұлы Абай мен Михаэлистің мүсіндері сатылмақ. Ескерткіштерді сатылымға шығарған тұрғынның айтуынша, оны кезінде жергілікті әкімдіктердің бірі тапсырыс беріп жасатып алып, сол күйі ақшасын бермей кеткен. Қазір ұлы ойшылдардың мүсіні 200-300 мың теңгеге бағаланып отыр деп хабарлайды YK-News-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өскеменде хабарландыруларға арналған белгілі сайттардың бірінде Абай мен Михаэлистің мүсіндері сатылады деген ақпарат пайда болған.

Ақпарат тараған бойда, басылым журналистері аталған нөмерге хабарласқан екен. Хабарландыруды сайтқа салған адам – мүсінші  Владимир Самойловтың ұлы болып шыққан. Айтуынша, мүсінші осыдан екі жыл бұрын өмірден өткен екен. Ал мүсінді жасаған әкесіне сол күйі ақы төленбепті. 

Басылым берген ақпаратқа сүйенсек, Михаэлис бюсті – 200 мың теңгеге бағаланса, Абай мүсіні – 300 мың теңге. 

Абай мүсініне кезінде жергілікті аудан әкімдіктерінің бірі тапсырыс беріп, белгісіз себептермен сол күйі алмай кеткен екен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<