Мыңнан аса волонтерлердің мәліметтер қоры жасақталды

978

0

Биыл облыста «Сыр волонтерлері» волонтер жастармен жұмыс жасау орталығы ашылды. Бүгінде 1000-нан аса волонтерлердің мәліметтер қоры жасақталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

– Өңірде волонтерлер тобын құру және оның қызметін ұйымдастыру бойынша «Bilim», «Saýlyq», «Sabaqtastyq», «Qamqor», «Taza Alem», «Asyl mura», «Úmіt» бағыттарына сәйкес түрлі ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 15 желтоқсанында облыстық волонтерлер слетін өткіземіз. Аталған шара аясында интеллектуалдық сайыстар, диалогтық алаң, мәдени орындар мен мұражайларға саяхат ұйымдастырылады. Шара соңында «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын марапаттау рәсімі өтеді, – деді «Ай-Қанат» ҚБ атқарушы директоры Ардақ Әукенов.

Аймақта облыстық волонтерлер фронт-офисынан бөлек барлық аудандарда да фронт-офистер жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» марафоны, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық акциясы аясында 1476 шара ұйымдастырылса, аталған шараларға 61660 тұрғын қамтылған.

– 5 мыңнан астам мұқтаж отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 3 мың отбасының мектеп жасындағы балаларына қажетті оқу құралдары, мүгедектігі бар азаматтар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 58 компьютер мен 2 ноутбук табысталды, – деді облыстық волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Болатбек Айтбенбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<