Облыста суицид өзекті мәселелердің біріне айналды

1185

0

Әр апта сайын біздің өңірде орта есеппен 6-8 суицид тіркеледі. Олардың үшеуі қайғылы аяқталды. Өмірімен есеп айырысқысы келетін адамдар арасында жасөспірімдердің бары өкінішті.

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсағандардың ең жасы — небәрі сегізде. Ол — Арал ауданынан, толық отбасынан шыққан. Асылып қайтыс болған. Өрімдей қызды осындай қадамға не итермелегенін мамандар анықтай алмады.

Апта сайын «Жедел жәрдем» қызметкерлерінен ақпарат алып отырамын. Сонда байқағаным, өз-өзіне қол жұмсамақ болған адамдардың туыстарының шақыруынсыз бірде-бір күн өтпейді екен.

Статистикаға сүйенсек, соңғы үш жылда облыста суицид саны артқан. Мысалы, егер 2019 жылы кәмелетке толмаған 6 бала өз өмірін қиса, 2021 жылы екі есе көп. Олардың ең кішісі, жоғарыда айтқанымдай, 8 жаста болса, үлкені 17 жаста. Адамдарды осы үмітсіз қадамға итермелейтін себептер әртүрлі. Ата-аналарға, достарға, интернеттегі ойындарға және қоршаған ортаға реніштері себеп болып отыр.

Ересектер арасында да өз-өзіне қол жұмсаушылар арасында ересектер саны артқаны байқалып отыр. Мысалы, 2018 жылы 109 суицид жағдайы тіркелсе, 2019 жылы – 131, 2021 жылы – 211. Жас шамасы — 18 бен 44 аралығында.

Көріп отырғанымыздай, қызылордалықтар шарасыз қадамға жиі бара бастады. Неліктен? Неліктен үмітсіз адамдар тиісті ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар ұйымдастыратын дағдарыс орталықтарынан көмек сұрамайды, оларға қолдау көрсете алатын сенім телефонына қоңырау шалмайды, мамандардың қолдауына жүгінбейді? Мұның себептері неде? Бұған жауапты мекемелер жоқ па?

Біздің білуімізше, суицидтің алдын алуға айтарлықтай қаражат бөлінеді. Сондай –ақ, мектептерде психологтар жұмыс істейді, сауалнамалар жүргізіледі және т.б. Бірақ іс жүзінде, бұл жұмыс нәтиже бермейді.

* * *

Бұл мақала GUMOL зерттеу орталығымен жүзеге асырылатын Азаматтық журналистердің азаматтық белсенділігін арттыру атты жобасы аясында дайындалды.

Жоба Евразия қоры жүзеге асыратын АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы Әлеуметтік Инновациялар бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылады

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<