Облыстық ҚХА жылды қорытындылады

1230

0

Кеше облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы активінің қорытынды отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен облыстық ассамблея құрылымдарының басшылары қатысты.


ҚХА-ның 25 жылдығы аясында өткен басқосуда Серік Ахмет елдегі достық пен бейбітшілікті сақтауда ерекше рөл атқарған құрылымның маңыздылығына тоқталды.


– ҚХА – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құ­рылған бірегей құрылым. 25 жыл ішінде ол жай ұйым ретінде ғана емес Конституциялық мәр­те­бесі бар қоғамдық-саяси институтқа, мемлекеттің саяси жүйесінің құрамдас бөлігіне айналды. Ол өзінің маңызы мен қажеттілігін көрсетті. Облыстық ассамблея жыл басынан бері 318 іс-шара, оның ішінде Қызылорда қаласында 137 іс-шара, аудан орталықтарында және Байқоңыр қаласында 181 іс-шара ұйымдастырды, онда 17 мыңнан астам онлайн ау­дитория қамтылды. Бүгінде өңір­де 11 этномәдени бірлестік, аудандарда 6 этнобағыттағы үкіметтік емес ұйым, 118 аналар кеңесі, 165 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жүргізеді.

Сонымен бірге ғылыми-сарапшылық топ, медиация кабинеті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, депутаттар және кәсіпкерлер тобы, журналистер мен сарапшылар клубы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, қайырымдылық бағы­тында үйлестірушілік және қолдау көрсету мен волонтерлық орталықтар жүйелі жұмыс жүргізуде.


Айта кету керек, ассамблея­ның бастамасымен 5 мыңға жуық медициналық маска таратылды, облыстық жұқпалы аурулар ауру­­ханасына арналған ӨЖЖ ап­параты сатып алынды. Сондай-ақ, «Мың алғыс!» акция­­­сында 2 мың медицина қыз­­мет­керіне 14 млн теңге көле­мін­де көмек көрсетілді. Осы рет­те облыстық ассамблеяның бар­лық мүшелеріне, этномәдени бірлестіктердің басшыларына игілікті еңбектері үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімінің орынбасары.


Келелі басқосуда ассамблея қызметі, өңірдегі қоғамдық келі­сім мен жалпыұлттық бір­лікті нығайту бағытындағы жұмыстар төңірегінде қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төр­ағасы Сайлаубай Әбішев, неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» облыс­тық қоғамдық бірлестігі төр­ағасының орынбасары Юрий Ким ойларын ортаға салды.


Жиын барысында талқыланған мәселелерге сәйкес бірлік пен келісімнің әлеуметтік капи­талын нығайту, этникалық мәсе­лені саясиландыруға жол бермеу, әлеуметтік зерттеулер жүргізу, этникалық топтар көп орналасқан аудандардың этно­әлеуметтік паспортын дайын­дау, қоғамдық келісімді қолдау мақсатында мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыстар арқылы қар­жыландыру көлемін арттыру, отбасылық құндылықтарды наси­хаттау тұрғысынан облыстық басқармалар мен облыстық ҚХА-ға бірқатар міндеттер жүктеді. Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары С.Ахмет аталған міндеттердің орындалуы облыстық ассамблея­ның жұмысын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.


Іс-шара соңында бірлік пен тұрақтылықты ілгері да­мыту жолында елеулі еңбек еткен жандарға ассамблеяның «Бірлік» алтын медалі мен Құрмет грамотасын, сондай-ақ, «Қазақстан халқы Ассам­блеясының 25 жылдық медалін» және облыс әкімінің құттықтауын табыстады.


Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<