Париж-2024: Ел қоржынына 47 жолдама түсті

404

0

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін стенд атудан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде Ұлттық құрама спортшысы Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ол трап жаттығуында финалға шықты. Ереже бойынша финалға шыққан 4 мергенге жолдама беріледі.

Айта кетейік, Мария осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-орынға табан тіреген. Сонымен қатар өткен жылы Бакудегі әлем чемпионатында Мария аралас жұптық сында Даниил Почиваловпен бірге қола жүлдегер атанған.

Қазір Қазақстан қоржынында ойындардың 47 лицензиясы бар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан спортшылары Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына лицензия санын 46- ға жеткізген болатын. Нақтырақ айтсақ, 46 жолдаманы күрес түрлерінен 130 келідегі Әлімхан Сыздықов Бішкекте жеңіп алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<