«Қызылорда су жүйесі» су түсінің неге өзгергенін түсіндірді

831

0

Қызылорда қаласындағы кейбір көпқабатты үйлерде ауызсу түсінің өзгеруіне байланысты «Қызылорда су жүйесі» МКК әкімшілігі түсініктеме берді. 

«Карантин уақытында қала тұрғындарының басым көпшілігі үйде болғандықтан суды көптеп тұтынатын болды. Сондықтан су жүйелерінің қысымы 2,1-2,4 кг/см²-ге дейін көтерілді. Нәтижесінде жылдамдығы артып, құбыр табанында шөгіп жатқан тұнбалар көтеріліп, қаладағы кейбір шағын аудандарда су түсі өзгеруде. Тұрғындардан бұған түсіністікпен қарап, суды пайдаланар алдында түсі қалыпты жағдайға келгенше ағызып жіберуді сұраймыз», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, былтыр мамырға дейін қаладағы су жүйелерінің қысымы 1,5-1,6 кг/см²-ді құрап, яғни өте төмен болған еді. Одан кейін жергілікті әкімдікпен бірлесіп атқарған жұмыс нәтижесінде 2,0 кг/см²-ге дейін жоғарылады.

Назерке САНИЯЗОВА,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<