Қызылордада тұрмыстық қалдықтың тек 14 пайызы өңделеді

2108

0

Белгілі ғалым Нильс Бордың «Адамзат атом бомбасынан жойылмайды, олар өз қалдығына тұншығуы мүмкін» деген қанатты сөзі бар. Мұның өзі тұтыну қалдықтарын залалсыздандырудың, оның көлемін азайтудың маңыздылығын, егер қоғам және тиісті жауапты органдар осы бағытта жедел шаралар қолданбаса экологиялық қауіпті кезеңге соқтыратынын көрсетуде.

Қазіргі уақытта өңірдегі тұрмыстық қатты қалдықтар айналымына байланысты поблемалар болып отырғандығы бәрімізге білгілі болып отыр.

Облыста соңғы уақытта тұрмыстық қатты қалдықтардың 14 пайызға жуығы ғана кәдеге асырылып, 86 пайызы ғана полигондарға немесе экологиялық-санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін арнаулы орындарда жинақталуда.

Соңғы жылдардағы еліміздің жедел түрдегі әлеуметтік – экономикалық дамуы мен халқымыздың өркениетті өмір салтына ұмтылып, әл-аухатының жақсаруы нәтижесінде коммуналдық қалдықтардың құрамы айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Муниципалдық қалдықтардағы шыны, керамика қалдықтарының ұйымдастырылмауы ауылдық елді мекендерде, оның ішінде облыс орталығында заңсыз қалдықтар жиналған жерлердің жиі кездесуіне әкеліп соғып, оны жинау үшін жыл сайын облыстық бюджеттен қыруар қаржы жұмсауды қажет етуде.

Сондықтан да еліміз иновациялық-өндірістік дамыған алдыңғы қатарлы елдің қатарына енуі үшін заман талабына сай, жаңа қалдықтарды басқару моделін енгізіп, ғылыми-методикалық, қаржылық-экономикалық, ұйымдастыру-құрылымдық және техникалық қамтамасыз ету шараларын жедел түрде жүзеге асыруымыз қажет.

Мемлекет басшысының 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен бекітілген ҚР «Жасыл экономикаға» көшу Тұжырымдамасына сәйкес қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 2030 жылғы 40%, 2050 жылғы – 50% жеткізу, 2030 жылғы қарай -100% халықты  қоқыс  шығару қызметімен қамтамасыз ету, сондай-ақ, 2030 жылғы қарай -95% тұрмыстық қатты қалдықтарды  орналастыру  обьектілерінің  экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкестендіру    қарастырылған.

ҚР Экологиялық кодексінің 301- бабына сәйкес полигондарды пластамсса, пластик, полиэтилен қалдықтары, полиэтилентерефталат орамасы, макулатура, картон және қағаз қалдықтары, құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар, шыны сынақтары т.б. қалдықтарды көмуге тыйым салынады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қалдықтарын және құрылыс материалдарының қалдықтарын көмуге шектеу қойылды.

Бүгінгі күні еліміздің қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемелекттік саясатты Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамада айқындалған және қалдықтарды бөлектеп жинауды енгізуге, қайталама шикізаттан өнім ала отырып, қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін дамыту бағытында біршама іс-шара жұмыстары атқарылуда.

Атап айтқанда, барлық елді мекендерде, оның ішінде ауыл округтерінде тұтыну қалдықтарын жинақтауға арнаулы жер телімі бөлініп, облыстық бюджеттен бөлінген қаржығы аудан орталықтарындағы полигондар кезең- кезеңімен жүзеге асырылуда.

              Осы бағытта, Қызылорда қаласында  тұрмыстық қатты  қалдықтарды қайта өңдеу үлесін бірнеше есеге арттыру мақсатында мемлекеттік – жекешелік әріптестік (ГЧП) аясында жыл сайын 60,0 мың тонна қалдықтарды сұрыптайтын кешеннің құрылысы жүзеге асырылуда.

Полигон құрылысының 50 пайызын жеке инвестор өз қаражаты есебінен жүзеге асыруда.  Сұрыптау кешені Белкөл кентінен 7,5  шақырым қашықтықта орналасқан. 

Ауданы – 20 га. Жаңа полигонды 2020 жылдың ІІ тоқсанынды іске қосу жоспарлануда. Жаңа обьектіге 40-қа жуық жұмысшы жұмыспен қамтылуы қарастырылған.

Қазіргі уақытта «Техоснаска-Ремсервис» ЖШС-гі-полигондағы құрылыс жұмыстарының келесі түрлерін жүргізуде:

Полигонның ішкі коммуникациялық желілерді жүргізу, өндірістік корпусты монтажда , әкімшілік- тұрмыстық корпуста әктеу жұмыстары, өндірістік алаң мен кірме жолды асфалттау , ТҚҚ – плигонын аумағын қошауын монтаждау.

Мелекеттік және жекеше әріптес тарапынан қаржыландыру толық көлемде жүргізілуде.

Сондай-ақ бүгінігі күні Арал қаласына тұрмыстық қатты қалдықтар полигон құрылысын салуға 2019 жылы облыстық бюджеттен 46,7 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмысты аяқтауға 2019 жылдың қазан айында облыстық бюджеттен 110,2 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Өндіріс және тұрмыстық қатты қалдықтарын залалсыздандыру, қайта өңдеу жүйелі қолға алынса, қоршаған ортамыз тазартып қана қоймай, жаңа жұмыс орындары ашылып, мемлекетімізге пайда әкелер еді.

А.САҒЫНДЫҚОВ,


облыс бойынша экология департаментің бас маманы –


мемлекеттік экологиялық инспектор

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<