Түркияның батысында туристік автобус жол апатына ұшырап, 8 адам мерт болып, тағы 33 адам жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, ішінде 38 жолаушы мен экипаждың үш мүшесі болған автобус Измир қаласынан Анталия курортына бағыт алған. Денизли провинциясындағы Денизли–Айдын тасжолында автобус жол қоршауына соғылып, артынша өртеніп кеткен.
Қаза тапқандардың арасында жүргізуші мен тоғыз айлық сәби бар. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
Әзірге апаттың нақты себебі анықталған жоқ.
Бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали жол-көлік оқиғасынан қаза тапқаны туралы жаздық.






