Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова Айым атты қызының мектеп бітіру кешіне барды, деп хабарлайды ult.kz.
Мөлдір Мұқанова бұл туралы әлеуметтік желіде былай деп жазды:
“Менің әлемге ғашық Айымым мектеп бітірді. Ақ колготки, ақ бантик тағып, ақ күртешеңді өтектеп, оқу-құралдарыңды түгендеп, күнде таңда оятып, еркелетіп сабағыңа апарған әр сәтіміз есімде. Достарың да көп, білімге де құштар болып, мектептің де әр іс-шарасында белсенді қатысып, жүлделі орындар алып жүрдің. Тәттім менің, оқушылық кезеңіңді ақылмен, санамен аяқтағаның үшін, әр жетістігіңмен мені аналық бақытқа бөлегенің үшін рақмет. Өзіңнің дара жолыңды тауып, еліңе, қоғамға пайдалы ұрпақтан бол!”.
Желі қолданушылары ажырасқан екі жұптың бірге жүргеніне қуанып отыр.







