Шиелі өнімі шет елдерге экспортталуда

900

0

Былтыр Шиелі ауданында 39,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 116 процентті құраған.  Өңдеуші өнеркәсіп бойынша өндірілген өнім көлемі де артып, 16,5 млрд теңгені көрсеткен. Ауданда осы және өзге де атқарылған жұмыстар туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Қамбарбек Мүбараков жан-жақты баяндады.

– Былтыр пандемияға ба­йла­нысты елде төтенше жағдай жария­ланғаны белгілі. Төтеннен келген ін­дет қоғамның қай саласына да ауыр соқты. Елді жайлаған қауіпті кесел ауданымызда да тір­ке­ліп, тұрғындардың 307-сі ауы­рып, емделіп шықты. Деген­мен, қиын­дықтарға қара­мас­тан, ау­дан­ның әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық ма­ңыз­­ды мәселелері кезең-ке­зеңі­­мен ше­шімін тауып, халықтың әлеу­мет­тік жағдайын жақсартуда бір­­шама жұ­мыстар атқарылып, сер­пін­ді жо­балар жүзеге асырылды, – деді ол.

Аудан әкімінің айтуынша, тір­­кел­ген шағын және орта кәсіп­керлік саны 5241 субъектіні құраса, биылғы 1 наурыздағы мәлімет бойынша 5274-ке жетті. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 4904.

Сондай-ақ, есепті мерзімде кә­сіпкерлік саласы бойынша мем­лекеттік бағдарламалар аясында 919 адамға 1 млрд 884,8 млн тең­генің гранты мен несие қаражаты берілген.  Ал биылғы екі айда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 80 азаматқа кәсіп бастау үшін 46,6 млн теңге қайтарымсыз грант беріліп, 12 адам жұмыспен қамтылған.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында жобалық құны 82,2 млн теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылған.

Былтыр 29461 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Күріштің көлемі 14353 гектарды құрап, әр гектардан 59,9 центнерден өнім алынып, 85940 тонна астық жинаған.

–    Азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету және азық-түлік өнімдерінің импортын азайту мақсатында биыл күтілетін су тап­шылығы салдарынан дәнді да­қылдар үлесін 2379 гектарға,  кар­топ, көкөніс, бақша дақылдарын 5157 гектарға ұлғайту көзделуде. Со­нымен бірге 70 гектарға соя егі­летін болады, – деді Қ.Мүбараков.

Ауданда жергілікті өнімді экспортқа шығару да жолға қо­йылған. Мәселен, былтыр 120 тонна күріш, 850 тонна қарбыз, 1005 тонна қауын және 351 тонна қызанақ Ресей және Қырғызстан елдеріне жөнелтілген.

Айнұр батталова,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<