Сыр елі – өнертапқыштардың ордасы

353

0

Фото: Аманат партиясы

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракция мүшесі Мұрат Әбенов «Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың жұмысымен танысты.

«Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда университетінде Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылған болатын.

Университетте 2017 жылы бизнес-инкубатор ашылған. Одан 139 резидент шығып, жалпы шаралар мен бағдарламалар аясында 7600 жас қамтылып, 80 млн. теңге инвестиция тартылды.

Бизнес-инкубатор тек университет жастары емес, жалпы облыс тұрғындары үшін инкубациялау бағдарламаларын, стартаптар хакатондары мен фестивальдерін, семинарлар мен курстарды жүргізеді, сонымен қатар салықтық есеп және маркетинг бойынша тегін қызмет көрсетеді. «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторы Астана Хаб халықаралық технопаркінің және «Google» корпорациясының Қызылорда облысы бойынша өңірлік дамытушы орталығы атанды. Қазіргі таңда «Samsung» және «Apple» компанияларымен келісім сөздер жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<