Жеміс көшеттерін екті

889

0

Алғашқы «Сенбілік күн» Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде әдеттегідей аумағын тырмалап, тазалап қана қоймай, ағаш отырғызып көгалдандыру жұмыстары қызу жалғасып кетті.

Аулаларды қоқыстан тазартып, топырақтарды қопсыту, ағаш түптерін әктеді. Сондай-ақ, жеке құрам департамент аумағы мен сыртқы көше маңайына 300 терек, 300 түп түрлі жапырақты ағаш пен 200 ден астам жеміс көшеттерін отырғызды.

Сыр өңірінің климаты ерекше, жазы ыстық, қуаң, желі мен шаңды дауылы тағы бар. Демек, жасыл желекке жұтаң жерге тал отырғызу сауапты амал. Әрине, акция ағаш отырғызумен тәмамдалмайды. Енді отырғызылған ағаштарды күн сайын баптап, егілген ағаштардың жерсініп, көктеп кетуін қадағалайды.

Т.Сериккалиев,

ҚР ҰҚК ШҚ ӘПҚБ офицері,капита

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<