Жеті жоба қосылды

247

0

Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 15 ақпандағы №89 шешіміне сәйкес аймақта мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асырылуы жоспарланған жоба саны 34 болатын. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының мәліметі бойынша, енді осы тізімге жаңадан 7 жоба қосылып отыр.

Оның біріншісі Арал қала­сындағы мәдениет үйі мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар жә­не азаматтық актілерді тір­кеу бөлімі ғимаратының бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету жо­басы. Орындалатын мер­зімі 2019-2021 жылдар. Екін­ші жоба да Арал қаласына тиесілі. Ол бойынша  2019-2021 жылдары №62 және №220 мектептердің бу қазан­дықтары жаңғыртылып, сер­вистік қызмет көрсетіледі. Келесі екі жоба аясында Шиелі кентінде бірқатар білім ошақтарының бу қазан­дық­тары жаңғыртылады. Он­ың алғашқысына Шиелі кен­тіндегі №47, №48, №244 орта мектептері мен «Арман» мә­дениет үйі кірсе, екінші жобаға осы кенттегі №127, №219, №270 орта мектептері мен Оқушылар үйі енгізілген. Бұл жұмыстар да 2021 жылға дейін аяқталуы тиіс.

Бесінші жоба аясында 2019-2022 жылдар аралы­ғында Қызылорда қала­сындағы тұрмыстық қатты қал­дықтарды сұрыптау ке­шені полигонының құры­лысы және сыртқы ин­же­нерлік желілерді жеткізу жұмыстары орындалатын бо­­­лады. Ал тізімге алтыншы бо­лып енгізіліп отырған жо­баға  сәйкес, 2023 жылға де­йін Қызылорда облы­сы­ның мемлекеттік ор­ган­да­рына ­талшықты-опти­ка­лық байланыс желісін тарту жұмыстары жүзеге асы­рыл­мақ.

Соңғы жоба шеңберінде 2019-2023 жылдар аралы­ғында Шиелі ауданындағы индустриалды аймаққа темір­жол желісін тарту көзделген.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<