Сыр мәдениеті – жеңіс тұғырында

1073

0

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық «Рухани қазына – 2020» фестивалінде облысымыздың бірқатар мәдениет ұйымдары мен сала мамандары жеңімпаз атанып, арнайы номинациялармен марапатталды.

Атап айтар болсақ, «Үздік облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана» номинациясымен – облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы, «Үздік музейлік онлайн жоба – 2020» номинациясымен – облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Асыл мұра» тележобасы, жоба авторы музейдің бөлім меңгерушісі Әйгерім Бекқұлиева, «Үздік ауыл­­дық мәдениет үйі, клубы» номинациясымен – Жалағаш ауданы, Аққұм ауылдық клубы, «Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясымен – облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі филиалы, сондай-ақ, А.Жұбанов атындағы арнайы жүлдемен – Қазалы аудандық мәдениет орталығының директоры Кемеңгер Өтеп марапатталды.

Қазіргі таңда облыстағы мәде­ниет ұйымдарында өнердің түрлі жанрлары бойынша 854 көр­кемөнерпаздар үйірмесі жұмыс жасайды. Оған 10 мыңнан аса өнерпаз қамтылған. Үйірмелердің  340-ы  балаларға арналған болса, 376-сы жасөспірімдер мен жастарға қызмет көрсетеді. Бұл орталықтарда жасөспірімдер вокал, би, драма, домбыра, қобыз, баян аспаптарында ойнауды үйреніп, хор, жыр-терме, көркемсөз, қолөнер, бейнелеу өнерінен де шығармашылық қабі­лет­терін шыңдайды. Сондай-ақ, 130-дан астам егде жастағыларға ар­налған үйірмеде ардагерлер, әжелер ансамбльдері және отбасылық, фольклорлық ансамбльдер, ұлт аспаптар оркестрлері жұмыс жа­сайды. Бұдан бөлек, балалар мен жасөспірімдерді дәстүрлі өнерге баулу мақсатында «Жыр мұра» жобасы жалғасуда.  Сондай-ақ, об­лыста 63 халықтық атағы бар өнер ұжымы жемісті жұмыс жасап келеді.

Ғазиза Әбілда,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<