109. Жеделдік көзі

453

0

Телефон шырылдайды. Дұрысы, дыңылдайды. Әйтеуір, дыбысы үй телефонынан бөлек енді. Әне, бірінші қоңырау. Тағы да. Жо-жоқ, екіншісіне үлгертпеді. Кезекші оператор лезде түймешені баса қойды.
– Алло, сәлеметсіз бе, «Жедел әрекет ету орталығы» сізді тыңдап тұр. Менің аты-жөнім Кенже Сыздықова.
– Алло, сәлемет па, айналайын?! Арғы жақтан үлкен кісінің жарықшақтанған даусы естілді.
– Иә, мен сізді тыңдап тұрмын. Қандай көмегіміз қажет?
– Әә, иә, шырағым, айтайын дегенім, мына Саяхаттағы 8-ші кварталда жарық жоқ.
– Толық мекен-жайды айтсаңыз.
– Саяхат 8 де 24.
– Жақсы, қоңырау шалғаныңызға рахмет. Тиісті орындарға хабарлаймыз…
Осындай үздіксіз, әсіресе жергілікті тұрғындардан келетін қоңыраулар легіне Кенже 12 сағат бойы салиқалы түрде жауап береді.  Жалғыз Кенже емес, ауысым сайын осында отырған 7 оператор жұмысын мүлтіксіз атқаруда…
Бұл – жыл басында ашылған облыстық цифлық технологиялар басқармасына қарасты «Жедел әрекет ету орталығының» қауырт жұмысынан бір көрініс. 

 

Ержан ҚОЖАСОВ,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<