2018 – облыста «Жап­пай кәсіпкерлікті қолдау жылы»

336

0

Құрметті қызылордалықтар! Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл облысымызда «Жап­пай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланды. Осы орайда, біз назарларыңызға несие алып немесе мемлекеттік инновациялық жобалар грантына қатысу үшін қайда баруға болады? Нақты қандай қадамдар жасау керек? Міне, осы сұрақтарыңызға қысқаша инфографика ұсынуды жөн көрдік.

Ең бірінші, кәсіппен айналысқыңыз келіп, бірақ неден, қалай бастарыңызды білмей жүрсеңіз – онда Қызылорда облы­сы кәсіпкерлер палатасына барсаңыз бола­ды. Немесе Кәсіпкерлер палатасының аудан­дардағы филиалына барып, мамандардан кеңес ала аласыз.

Арал ауданы – Арал қ., Бақтыбай батыр к-сі, 46 үй, тел.:8/72433/79199

Қазалы ауданы –  Әйтеке би кенті – Жалаңтөс к-сі,  23 үй, тел.:8/72438/79243

Қазалы ауданы –  Қазалы қаласы – Әйтеке би к-сі,  9 «а» үй, тел.:8/72433/79199

Қармақшы ауданы – Жосалы кенті, Көшербаев к-сі, 36 үй, тел.:8/72437/79120

Жалағаш ауданы –  Жалағаш кенті, Сәрке батыр к-сі, 7 үй, 8/72431/79199

Сырдария ауданы – Сырдария кенті, Қонаев к-сі, 12 үй, 8/72436/79179

Шиелі ауданы –  Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі, 5 үй, тел.:8/72432/79255

Жаңақорған ауданы –  Жаңақорған кенті, А.Иманов. к-сі, 134 «а» үй, тел.:8/72435/79120

Қармақшы ауданы – Байқоңыр қаласы, Абай даңғылы, 16, 8/33622/23527

Қызылорда қаласы – Қызылорда қаласы, Әйтеке би, 28.

Анықтама үшін телефон: 40-08-74, 40-02-02

Сall-Center – 1432.

Келесі қадам жобаңызға жеңілдетілген несие қажет пе әлде инновациялық жобаларға арналған грантқа ұсынбақшысыз ба? Міне, осыны анықтап алыңыз. Егер жеңілдетілген несие алғыңыз келсе «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан немесе «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-дан алуға мүмкіндігіңіз бар. Қазіргі таңда аталған қаржы институттары кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтардың жобаларын белсенді қаржыландыруда.

Ал инновациялық жобалар грантына қатысқыңыз келсе, онда құжаттарды облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына ұсы­насыз.

Жоғарыда айтқан кәсіпкерлікке қатысы бар ұйымдардың барлығы да Кәсіпкерлер үйінде – Қызылорда қаласы, Әйтеке би, 28 мекен-жайында орналасқан.

Ендеше келіңіз! Біз Сіздің кәсіпкер болу­дағы бастамаңызға қолдау көрсетеміз. Ең бастысы – қызметтеріміздің барлығы ТЕГІН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<