3 наурыз – Дүниежүзілік жабайы табиғат күні

868

0

Бүгін – Бүкіләлемдік жазушылар күні. Бұл мереке күнтізбеге 1986 желтоқсанда өткен халықаралық PEN-клубының бастамасымен енгізілді. Клуб 1921 жылы құрылған.


Жыл сайын 3 наурызда Дүниежүзілік жабайы табиғат күні атап өтіледі. Бұл халықаралық мейрамды Біріккен Ұлттар Ұйымы біздің ұлы планетамыздағы барлық жабайы флора мен фаунаны құрметтеу және хабардар ету үшін белгілеген.


БҰҰ-ның 2013 жылы «Жойылу қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияны» (CITES) қабылдауымен сәйкес келеді. Ол жабайы табиғаттың өзіндік құндылығын және оның әртүрлі үлестерін, соның ішінде оның экологиялық ерекшеліктерін растау үшін қабылданды.


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри кезінде түсіндіргендей: «Дүниежүзілік жабайы табиғат күні біз күнтізбеде белгілейтін күннен артық. Бұл біздің ортақ табиғи мұрамызды қазір және болашақ ұрпақ үшін сақтау үшін біз күн сайын жаңаруымыз керек».


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) құлақ және есту қабілетін қорғауға арналған арнайы күнді бекітті. Жыл сайын 3 наурыз күні Құлақ және есту қабілетін қорғаудың халықаралық күні атап өтіледі. Бүгінгі күні есту қабілетін жоғалту әлемде мүгедектіктің ең кең таралған сенсорлық түрі болып табылады. ДДСҰ-ның мәліметіне сәйкес, әлемде 300 млн-ға жуық адам есту қабілетінен айырылған немесе оны нашарлатып алған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<