Адам 150 жылға дейін өмір сүруге қабілетті

530

0

Зерттеушілер адам қанын талдау арқылы адамның қанша жыл өмір сүруге қабілетті екенін анықтады. Бұл жөнінде Мassaget.kz жазды.


Ғалымдардың айтуынша, адам 150 жас жасауға қабілетті.

Әлемде ең ұзақ өмір сүрген кісі – француз азаматшасы Жанна Кальман. 1997 жылы 122 жасқа келген көз жұмады. Әзірше дерекпен дәйектелген ең ұзақ жас – осы, 122 жыл.

Бірақ Сингапур ғалымдары адам бұдан да ұзақ жасауға қауқарлы дейді. Соны дәлелдеу үшін адам ағзасындағы қан маркеріне талдау жасап, адамның жалпы өмір-жасын есептеп шыққан. Сонда 150 жыл шыққан. Содан ғалымдар адам былайша айтқанда, өмірінің соңына дейін ауру-сырқаусыз күн кешсе, онда бір жарым ғасырдан кейін жантәсілім болатынын айтады.

Ғалымдардың айтуынша, адам ағзасының қуаты мен өзін-өзі емдеу, сауықтыру, қалпына келтіру функциялары уақыт өте нашарлай береді. Соның кесірінен созылмалы аурулар пайда болады. Содан адамның өмірге деген тұрақтылығы да жоғалады.

Уақыт өткен сайын адамның күйзеліс пен ауру-сырқаудан арылу қуаты төмендей береді. Физикалық және психологиялық стресі күшейеді. Мәселен, 40 жастағы адамның күйзелістен арылуына, ағзасын қайта қалпына келтіруіне 2 апта уақыт керек болса, 80 жастағы адамға 6 апта уақыт керек.

Адамның өліміне әкелетін де осы – дененің күш-қуаттан босауы, дәрменсіздік пен әлсіздік жайлауы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<